Педагогтерге арналған республикалық байқауға өтініш қабылдау басталды

186

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Педагогтерге арналған республикалық байқауға өтініш қабылдау басталды Фото: gov.kz

Өтінішті қалай қалдыруға болатынын түсіндіру үшін сіздерге арналған шағын нұсқаулық әзірледік.

Бұл видеода өтінім беру процесі кезең-кезеңімен көрсетілген.

Байқауға еліміздің барлық өңіріндегі мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатыса алады. Жеңімпаздар ТМД елдері арасында өтетін Педагогикалық шеберлік халықаралық фестиваліне қатысуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, байқау нәтижелері педагогтерді аттестаттау кезінде ескеріледі.

Өтінімдер 1 қыркүйекке дейін қабылданады. Байқау шарттарымен толығырақ ppi.orleu.edu.kz сайтында танысуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу