Педагогикалық мамандыққа түсетіндер үшін талап күшейеді

327

Арнайы норма енгізілді.  

Педагогикалық мамандыққа түсетіндер үшін талап күшейеді Фото: vku.edu.kz

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов кейбір азаматтардың педагогикалық мамандыққа түсерде ҰБТ-ны тапсырмау үшін түрлі айла-шарғыға баратынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінгі таңда педагогикалық мамандыққа түсетін азаматтар үшін ең жоғары балл белгіленген. Бұл ҰБТ ғана емес, әр университетте тапсыратын арнайы емтихан бар. Сонда екі кезеңнен өтуі керек. Осындай норма бар және ол жұмыс істеп тұр, бірақ түрлі айлалар да бар.

Кейбір азаматтар ҰБТ-ны тапсырмау үшін әлде тапсыра алмайтынын білгеннен кейін мұғалім болғысы келіп, жалақысына қызыққаннан кейін, ҰБТ-ны тапсырмай-ақ (оқуға) түсуге тырысады. Олар көршілес мемлекеттердің университетіне тапсырдық деп, құжатын өзі ешқайда бармай-ақ сол жаққа жібереді. Тіркейді, ақшасын төлейді, бір семестрдан кейін оның құжаттары Қазақстандағы университеттерге келеді. Сосын ҰБТ-ны тапсырмай, осындай айламен түсіп жатады", – деді Асхат Аймағамбетов.

Мәжілісменнің сөзінше, осы мамандыққа ең мықтылары, шын мәнінде білімі жоғары азаматтардың түскені қажет.

"Сонда бізде сапалы білім болады. Сондықтан біз осы айланы болдырмау үшін арнайы норманы енгіздік", – деп атап өтті ол.

Айта кету керек, бұған дейін елдегі мұғалімдердің көңілінен шығатын өзгеріс енгізілетінін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу