Педагогтардың еңбекақысы келесі жылы тағы 25%-ға өседі

875

Биыл мұғалімдердің жалақысы 25%-ға көбейгені белгілі. Алдағы жылы да педагогтардың айлығы осы шамада ұлғайтылмақ.

Педагогтардың еңбекақысы келесі жылы тағы 25%-ға өседі

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы өткен брифингте айтты.

"Әңгіме тек мектеп мұғалімдері туралы ғана емес, балабақша педагогтері, қосымша білім беру ұйымдары, колледждер мен жоғары оқу орындары оқытушыларының да жалақысы көбейіп жатыр", – деді министр. 

Оның айтуынша, биылғы 1 қыркүйектен бастап, мемлекеттік жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы – 20%-ға, ұлттық ЖОО оқытушыларының жалақысы 28%-ға ұлғайған.

Осы орайда білім ұйымдарында оқитын студенттердің де шәкіртақысы өскен.  Айталық, жұмысшы мамандықтары бойынша білім алатын колледж студенттерінің стипендиясы 30%-ға, орта буын мамандықтары бойынша оқитын жастардың шәкіртақысы 25%-ға артқан. Педагогикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттердің шәкіртақысы бір жылдың ішінде 21 мыңнан 42 мың теңгеге дейін ұлғайған. Ал докторанттардың шәкіртақысы бір жылдың ішінде 82 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін көбейген.

Министр педагогтердің жалақысының үстіне қосылатын қосымша төлемдер де бар екенін алға тартты.

"Егер мұғалім өз ісінің шебері болса, онда ай сайын еңбекақысына қоса, 50 пайыз төлем алып отыруға болады. Мұғалімнің дәптер тексергені, сынып жетекшілігі, магистрлық дәрежесі, бәрі де ескеріліп, мұғалімге қосымша ақы төленеді", – деді А.Аймағамбетов.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу