Педагогтерге арналған республикалық байқау басталады

318

Жыл сайын өтетін республикалық байқаудың шартына биыл өзгеріс енгізілді.

Педагогтерге арналған республикалық байқау басталады Фото: freepik

1 маусымнан бастап "Педагогикалық идеялар панорамасы-2025" республикалық байқауына өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

"Енді өңірлік кезеңге қатысу үшін бейнематериал әзірлеу міндетті емес. Алдымен педагог өзінің идеясын жазбаша негіздеп, мазмұны мен өзектілігін сипаттауы қажет. Ал республикалық кезеңге өткен соң, педагогикалық идеяны бейнематериал ретінде ұсынуы тиіс", - деп түсіндірді министрлік.

Материал бұрын жарияланбаған, басқа байқауларға ұсынылмаған және авторлық құқықты сақтай отырып әзірленген жеке әдістемелік идеяға негізделуі шарт. Жобаны қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде тапсыруға болады.

Конкурс ережелерімен толығырақ танысу үшін https://ppi.orleu-edu.kz сілтемесіне өту қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу