Пекиннің қоқан-лоқысына тап болған Тайванды АҚШ қолдауы керек – Нэнси Пелоси

468

2 тамызда Тайванға қонған АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси ішінара танылған мемлекеттің Парламентіне барды, деп хабарлайды Reuters басылымы жергілікті теледидарға сілтеме жасап.

Пекиннің қоқан-лоқысына тап болған Тайванды АҚШ қолдауы керек – Нэнси Пелоси

"Біз достық үшін келдік, бейбітшілік үшін аймаққа келдік", – деді ол.

Пелоси Аралдың басшылығына қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, Тайванды "әлемдегі ең еркін қоғамдардың бірі" деп атады және Вашингтон Тайбэймен парламентаралық диалогты жандандырғысы келетінін жеткізді. "АҚШ пен Тайванның арасында экономикалық ынтымақтастық орнауына көбірек мүмкіндіктер пайда болады" деген үмітін білдірді. Сонымен бірге АҚШ Тайванды қолдауы керек екенін айтады. Өйткені бұл Арал "Пекин тарапынан күшейіп келе жатқан қоқан-лоқы тап болды" деп санайды.

Тайвань заң кеңесі төрағасының орынбасары Цай Цичан Пелосиді "Тайвань халқының жақын досы" деп атады. Оның делегациялық сапары "демократия мен бостандық құндылықтарының қорғалатынын" куәландырады дегенді айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу