Пелоси Трампты "Путиннің малайы" деп атады

923

Спикер президентті қылмыстық жауапкершілікке тарту керек деген пікір білдірді.

Пелоси Трампты "Путиннің малайы" деп атады

АҚШ-тың өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Ақ үй басшысы Дональд Трампты Ресей президенті Владимир Путиннің "малайы" деп атады. Сонымен қатар ол Ресей билігінің қолында Трампты әшкерелейтін қандай бір материал бар деп топшылады. 

"Орыстардың Трампты әшкерелейтін нақты қандай мәліметі бар екенін білмеймін. Путин Трампқа қатысты осындай мәлімет арқылы оны өзіне "малайы" қылып алған", – деді Пелоси.

Ол сондай-ақ Трампты "есі ауысқан адамға" балап, оны қылмыстық жауапкершілікке тарту керек деген пікір білдірді.

"Өкінішке қарай, АҚШ-тың қазіргі президенті яғни атқарушы биліктегі адам – есі ауысқан, ұшқалақ әрі қауіпті. Жасаған әрекеттері үшін оны қылмыстық жауапкершілікке тарту керек", – деп басып айтты спикер.
Демократтар Трамп Ресеймен "ауыз жаласқан" деп айыптап келеді. Ақ үй мен Кремль болса, мұндай мәлімдемелерді жоққа шығарды. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу