Пелосидің Тайванға баруы iPhone 14 шығарылымын кейінге шегеруі мүмкін

599

Бейжің Пелосидің сапарынан кейін тауарларға және оның құжаттарына "Тайвань" және "Қытай Республикасы" деген сөздерді жазуға тыйым салды.

Пелосидің Тайванға баруы iPhone 14 шығарылымын кейінге шегеруі мүмкін

АҚШ-тың Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайванға жасаған сапарына байланысты iPhone 14 сатылымы кейінге шегерілуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz GSMArena сайтына сілтеме жасап .

Америкалық Apple корпорациясы жартылай өткізгіш жасаумен айналысатын тайваньдық компаниядан микрочиптерді сатып алады. Компания чиптерді Қытайға жіберіп отырады, өйткені бұл елде iPhone құрастырылады.

Енді Бейжің Пелосидің сапарынан кейін тауарларға және оның құжаттарына "Тайвань" және "Қытай Республикасы" деген сөздерді жазуға тыйым салды. Яғни осы күнге дейін құрастырылған өнімдер аралға қайтарылуы мүмкін.

Ескере кететін жайт, Пелосидің аралға жасаған сапары кезінде оның қасында жартылай өткізгіш шығаратын тайваньдық компанияның лауазымды тұлғалары және компьютерлік компоненттерді өндіретін Pegatron компаниясының вице-басшысы болды. Pegatron iPhone құрастырумен айналысады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу