Пентагон Minuteman III зымыранын сынақтан өткізді

503

Мақсаты - АҚШ ядролық күштерінің дайындығын көрсету. 

Пентагон Minuteman III зымыранын сынақтан өткізді Фото: 123net.ru

Америкалық әскерилер АҚШ-тың ядролық күштерінің дайындығын көрсету үшін Minuteman III құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді, деп хабарлады inbusiness.kz Ванденберг ғарыш күштерінің базасы мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Әскерилер 19 сәуірде АҚШ-тың ядролық күштерінің дайындығын көрсету және елдің ядролық тежеу тиімділігіне деген сенімділігін арттыру үшін Minuteman III-ті жедел сынақтан өткізді", - делінген баспасөз хабарламасында.

Зымырандар Монтана штатындағы арсеналдардан арасынан таңдалып, Калифорнияға ұшыру орнына жеткізілді. Ол Тынық мұхитының үстінен 4,2 мың миль (6,76 мың шақырым) ұшып өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу