Пентагон Украинаға Bradley-дің бірінші партиясын жіберді

350

АҚШ билігі Украинаға әскери көмек аясында 60-тан астам Bradley жаяу әскердің жауынгерлік машинасы (ЖӘЖМ) алғашқы партиясын жіберді. Бұл туралы inbusiness.kz АҚШ Әскери-теңіз күштерінің Көлік қолбасшылығына сілтеме жасап хабарлайды. 

Пентагон Украинаға Bradley-дің бірінші партиясын жіберді Фото: google

"Осы жылдың басында жарияланған АҚШ-тың [Киевке] $2,85 млрд долларды құрайтын әскери көмек көрсету туралы келісімінің бір бөлігі ретінде Көлік қолбасшылығы Украинаға Bradley ЖӘЖМ-нің алғашқы партиясын жеткізеді. 60-тан астам Bradley ЖӘЖМ бар жүк өткен аптада Норт-Чарлстоннан, Оңтүстік Каролинадан шықты", - делінген хабарламада.

Украинаға Bradley жеткізіледі деп Вашингтон алғаш рет 6 қаңтарда хабарланды. Барлығы 50 машина көмек пакетіне кірді, оның жалпы сомасы $2,85 млрд. 19 қаңтарда АҚШ билігі тағы да $2,5 млрд әскери көмек траншын жариялады, оған 59 Bradley кірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу