Пентагонға у салынған хат жолдаған адам ұсталды

860

АҚШ-тың Федералды барлау бюросы тұрғындарды күдіктінің тұратын жерінен алыс жүруін ескертті. 

Пентагонға у салынған хат жолдаған адам ұсталды

Пентагонға уланған конвертті жолдаған күдікті ұсталды. Қаскүнем Юта штатындағы Логан қаласында құрықталды, деп хабарлайды 24.kz.

Белгілі болғандай күдікті 39 жастағы АҚШ әскери күштерінің зейнеткері екен. Уильям Клайд Аллен әскер қызметінен 2002 жылы кеткен.

АҚШ-тың Федералды барлау бюросы тұрғындарды күдіктінің тұратын жерінен алыс жүруін ескертті. Себебі хатта адам өміріне қауіпті рицин атты химиялық улы зат болған. Олар АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис пен әскери-теңіз күштерінің штаб басшысы Джон Ричардсонға бағытталған.

Қаскөйдің бұл қадамға не себептен барғаны әзірге белгісіз. Қазір құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу