Сотта куәгерлердің бірі кәсіпкерлердің оған ақшаны қолма-қол, ешқандай құжатсыз бергенін айтты.
"Барлық соманы дәл айта алмаймын, бірақ шамамен бір жеке кәсіпкер – 70 миллион теңге көлемінде берді. Есте сақтау қабілетім алдамаса, барлығы 12-13 жеке кәсіпкер болды. Мен ешқандай жазба жүргізген жоқпын. Есептемелер жасалмады. Барлығы сенім деңгейінде өтті, сондықтан мұны құжаттаудың керегі болмады", – деді ол.
Оның айтуынша, барлық ақшаны Перизат Қайраттың өзі алып отырған.
"Ыңғайлы болу үшін біз ақшаны сөмкелерге салатынбыз. Себебі банктер ақшаны оралған күйде беретін. Сол үшін оларды сөмкелерге салып беру жеңіл болатын. Бұл сөмкелер Перизат Қайраттың өзіне қолма-қол беріліп, көлікке тиелетін. Кәдімгі торлы, қытай сөмкелері. Сомалар айтарлықтай үлкен болды, мысалы, алғашқы траншта екі немесе үш жеке кәсіпкер ақша берген болса, 70 миллионнан есептесек, шамамен 200 миллион теңге болған", – деп толықтырды куәгер.