Сот процесінде күдікті Перизат Қайраттың анасы өз құқығын пайдаланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. Сотта жарты күн бойы заттай дәлелдемелердің зерттелгені белгілі болды. Сонымен қатар, тараптар бірқатар өтінішін де жолдаған. Десе де, олардың не туралы өтініш екені және судьяның оны қанағаттандырғаны немесе қанағаттандырмағаны нақтыланбай отыр.
– Айыпталушы Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева өз құқығын пайдаланып, жауап беруден бас тартты, – деді соттың баспасөз қызметі.
Осыған дейін сотта Перизат Қайраттың анасының жазбалары жария етілген еді.
Сондай-ақ, Перизат Қайраттан тәркіленуі мүмкін мүліктер де мәлім болды.