Перизат Қайрат түрмеде тазалаушы болып жұмыс істеп жүр

257

Ол колония ішінде жұмысқа орналасты.

Перизат Қайрат түрмеде тазалаушы болып жұмыс істеп жүр Фото: instagram.com/01pk

10 жылға сотталған Перизат Қайратқа түрмеден жұмыс табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сот шешіміне сәйкес сотталған Перизат Қайрат түрмеде жазасын өтеп жатыр.

"Сотталған азаматша жұмысқа орналасты және қызметтік үй-жайларды тазалаумен айналысады", – делінген ақпаратта.

Еске салайық, былтыр шілде айында Перизат Қайрат 10 жылға, ал анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталғанын жазғанбыз. Оның көлігі сатылымға қойылған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу