Комитет басшысы Перизат Қайраттың қымбат көліктері неліктен мемлекеттік органдарға берілгенін түсіндірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің мұндай люкс санатты көліктерді тізгіндеуі бюджет қаржысын үнемдеуге септігін тигізбек.
"Жаңа көлік сатып алғанша, оларды тәркіленген мүліктің есебінен толтырған тиімдірек. Нормативтік-құқықтық актілерде құқық қорғау және мемлекеттік органдарға мұндай құқық берілген. Сондықтан бұл мүмкіндікті неге пайдаланбасқа?", – деді Н.Әділбеков.
Бұған дейін Перизат Қайраттан тәркіленген қымбат көліктер саудаға шығарылған. Бірақ, мүлікті сатып алуға ниет білдіргендер табыла қоймаған.

Қазіргі уақытта су жаңа Mercedes көлігі елордалық полиция департаментіне, ал Lexus жол талғамайтын көлігі Қаржы министрлігіне берілгені белгілі болды. Перизат Қайраттан тағы бірнеше люкс көлік тәркіленген еді, алайда олардың кімге бұйырғаны әзірге беймәлім.
Айта кетейік, қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайрат алаяқтығы үшін 10 жылға сотталды.