Перизат Қайраттан тәркіленген мүліктер аукционға шығарылады

726

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты.  

Перизат Қайраттан тәркіленген мүліктер аукционға шығарылады Фото: kaztag.kz

"Biz birgemiz" қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайраттың мүлкі аукцион арқылы сатылады, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

– Бүгінге ешқандай өзгеріс жоқ, қадағалап отырмыз. Тиісті аппеляциялық шағым түскен кезде ол жайында білесіздер. Сот үкіміне сәйкес, сот орындаушылары оның мүлкін аукционға шығарып сатады. Сол қаражат есебінен зардап шегушілердің шығыны өтеледі, – деді ол Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның айтуынша, Қайрат Перизат қор есепшотына түскен қаражатты өзі ғана игерген. Қор қаражатын талан-таражға салған басқа тұлғалар анықталған жоқ.

Айта кетейік, шілде айында Астана соты Перизат Қайратқа 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі. Ал анасы Ғайни Алашбаева 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу