Сондықтан, бұл заттардың бағасы мен тағылған айып сомасына әсер еткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Көп көлемде алаяқтық жасады" деп айыпталған Перизат Қайраттың адвокаты Асланбек Дәулетияров осылайша бірінші сатыдағы үкімнің күшін жоюды сұраған.
– Қылмыстық істің барлық материалы, заттай айғақтар, мамандар шығарған қорытынды, куәлердің айғағы, сотқа дейінгі тергеу органдарының қылмыстық процесс қағидаларын бұзуы – Ғайни Алашбаева мен Перизат Қайраттың кінәсі дәлелденбегенін көрсетеді, – дейді ол.
Адвокат сөзінше, олардың іс-әрекетінде қылмыс құрам байқалмайды.
"Бірінші инстанция сотының үкімі заңсыз әрі негізсіз, себебі ол айыптау тарабының өзара қайшы және дәлелденбеген айғағына негізделген" – деп қоса кетті А.Дәулетияров.
Осы жайтқа сүйеніп адвокат қорғау тарабының апелляциялық шағымын қанағаттандырып, бірінші инстанциядағы үкімнің күшін жоюды сұрап отыр.
Екі ай бұрын сотта Перизат Қайраттың анасының "37 миллионға – көлік алу, 10 миллионға – Түркияға барып емделу" деп телефонға "түртіп" қойған жазбалары оқылған еді.