Агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс жақын күндері прокуратураға жіберілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Қазіргі уақытта өтінішті қабылдау және оларға жауап беру рәсімі жүріп жатыр. Санаулы күннен кейін істі прокуратураға береміз. Зардап шеккендердің саны өте көп, – деді Жеңіс Елемесов.
Атышулы істе Перизаттың анасы да жауапқа тартылады. Қазір ол үйқамақта отыр.
Келтірілген жалпы шығын көлемі – 3,5 млрд теңге. Ал, Перизат Қайраттың "Biz birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігі таратылды.
Айта кетейік, 2025 жылдың 28 мамырында Перизат Қайратқа ҚР кодексінің 190-бабы – "Алаяқтық" және ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру" бойынша айып тағылған болатын.