Перуде 1000 жастағы мумия табылды

546

Перу астанасы Лима қаласының тұрғын ауданында археологтар жасы 1 мың жыл деп танылған мумияны тапты. 

Перуде 1000 жастағы мумия табылды Фото: eadaily

Адам қаңқасы Мирафлорес ауданының орталығында керамикалық ыдыстардың, маталардың және басқа да тұрмыстық заттардың жанынан табылды, деп жазады Inbusiness.kz.

"Аяғы бүгілген, ересек адамның қаңқасы табылды", — деді археологтар тобының жетекшісі Мирелла Ганоза Reuters агенттігіне. Бір қызығы мумияның шашы ұзын, ал жақ сүйегінің төменгі жағы толығымен сақталған.

Ғалымның айтуынша, табылған мумия осы аумаққа инктер келгенге дейін өмір сүрген болуы мүмкін.

Сарапшылардың пайымдауынша, 10 миллион тұрғыны бар Лима аймағында әртүрлі археологиялық құндылықтар сақталған 400-ге жуық орындар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу