Перуде белгісіз біреу Рим папасының бетіне тәспі лақтырып жіберген

709

Желіде оқиға орнынан түсірілген бейнежазба тарады.

Перуде белгісіз біреу Рим папасының бетіне тәспі лақтырып жіберген Фото: Бейнежазбадан

Перу астанасы Лимада белгісіз біреу Рим папасы XIV Левтің бетіне тәспіні лақтырып жіберген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

EWTN News басылымының мәліметінше, 16 қараша күні понтифик елге жасаған сапарының қорытынды мессасына арнайы көлікпен бара жатқан. Жиналған жұрттың арасынан белгісіз біреу Рим папасына қарай білезік-тәспі лақтырып жіберген. Ол понтификтің оң көзінің астына тиген. Желіде тараған видеодан оның соққы тиген сәтте қолын бірден бетіне қойғанын байқауға болады. Кейін ол халықпен амандасуын жалғастырған.

Белгілі болғандай, понтифик зардап шекпеген, сол себепті дәрігерлердің көмегіне жүгінбей, сапарын әрі қарай жалғастырған. Vatican News дерегінше, бұл құлшылық рәсіміне 1,5 миллионға жуық адам жиналған.

Месса аяқталған соң Рим папасы Кальяо әуе базасына аттанып, Перу билігінің өкілдері оны ресми түрде шығарып салды. Осылайша понтифик Аргентина мен Уругвайды да қамтыған Оңтүстік Америка сапарын қорытындылап, Римге ұшып кетті.

Понтифик 1982 жылы Перуге миссионер болып келіп, осы елде 20 жылдан астам уақыт өмір сүрген. Кейін Перу азаматтығын алып, 2015-2023 жылдар аралығында Чиклайо епархиясын басқарған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу