Дмитрий Песковтың сөзінше, бұл – ерте жасалған мәлімдеме, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Сабыр етіңіздер, мұндай сөз айтуға әлі ерте" деді ол БАҚ өкілдерінің "Украин бағытындағы жағдайдың шешімге және бейбіт келісімге жақындауы қаншалықты мүмкін?" деген сұрағына жауап беріп.
Кремльдің ресми өкілі әртүрлі елде, соның арасында АҚШ-та көптеген адам бейбіт келісімге келу тенденцияларын бұзуға тырысып жатқанын айтқан. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Еске салайық, Украина президенті Зеленский Женевадағы кездесуден кейін бейбіт келісім туралы айтып өтті, ал НАТО Бас хатшысы соғысты 2025 жылдың соңына дейін аяқтауға болатынын жеткізді.
АҚШ көшбасшысы Трамп та Украинадағы қақтығысты реттеу туралы мәміле өте жақын екенін байқатқан-ды. Әрі ол қос тараптың қақтығысын шешуді міндет деп санайды.