Петропавл – Алматы рейсінде тәртіп бұзған зейнеткер жауапқа тартылды

305

Алматы қаласының тұрғыны ұшақ бортында мас күйде болған.  

Петропавл – Алматы рейсінде тәртіп бұзған зейнеткер жауапқа тартылды Фото: polisia.kz

Көліктегі полицияның мәліметінше, ұшақ қонғаннан кейін әуе компаниясының өкілдері ер адамды Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құқық қорғау органдарының дерегіне сәйкес, ішімдік ішкен алматылық ұшақта экипаж мүшелерінің талаптарына бағынбаған, балағат сөздер айтып, басқа жолаушыларға қолайсыздық тудырған.

Ер адамға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің үш бабы: қоғамдық орынға мас күйінде келу, әуе кемесінде тәртіп ережелерін бұзу және ұсақ бұзақылығы үшін әкімшілік іс қозғалды.

Ұсақ бұзақылық ісі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу