Петропавл "Еңбек даңқы қаласы" атағына ие болады

632

Бұған дейін бұл мәртебе Астана, Алматы және Қарағанды қалаларына берілген. 

Петропавл "Еңбек даңқы қаласы" атағына ие болады Фото: qareket.com

Петропавл қаласы "Еңбек даңқы қаласы" құрметті атағына ие болатын еліміздегі төртінші қала болмақ, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікованың айтуынша, Петропавлдың тылдағы еңбегі Ұлы Отан соғысы жылдарында айрықша рөл атқарған.

Соғыс басталғаннан кейін қалаға 20 зауыт эвакуацияланып, оның бесеуі алғаш рет соғысқа қажетті қару-жарақ өндіруді осы жерде бастаған.

– Петропавлда аты аңызға айналған "Катюша" зымырандарының сыртқы қаптамасы жасалды. Сонымен қатар, торпедалар мен снарядтар да өндірілді. Бүгінде Киров атындағы зауыт ретінде белгілі №641 зауыт 1941 жылы Петропавлға көшірілген. Ол кезде зауытпен бірге небәрі 30 маман келген, ал қалған жұмысшылардың басым бөлігі жергілікті тұрғындар болды. Осы зауыттың шамамен 1200 қызметкері "Еңбек ерлігі үшін" медалімен теңестірілетін "За трудовую доблесть" марапатына ие болған, дейді Сәуле Мәлікова.

Маманның айтуынша, бұл атақ ТМД-ның Гуманитарлық ынтымақтастық кеңесінің шешімімен беріледі. Ол үшін ресми түрде өтініш беріп, қажетті құжаттарды тапсыру қажет.

Қазіргі таңда құжаттардың бір бөлігі жолданды. Егер шешім оң қабылданса, қалада атақ туралы ақпарат жазылған арнайы стелалар орнатылады, деп мәлімдеді архив директоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу