Петропавл қаласындағы коронавирус жұқтырған қыздың жағдайы қанағаттанарлық

1267

Солтүстік Қазақстан облысында оқшаулау орындары әзірленді.

Петропавл қаласындағы коронавирус жұқтырған қыздың жағдайы қанағаттанарлық

Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы облыс аумағындағы коронавирустік инфекция мәселесі бойынша брифинг өткізді. Облыстың денсаулық сақтау басқармасы бастығы Тимур Сұлтанғазиев мән-жайды түсіндіріп өтті.

"Солтүстік Қазақстан облысында кононавирустік инфекцияның бір жағдайы тіркелді. Петропавл қаласының тұрғыны, 1993 жылы дүниеге келген азаматша науқастанды. Ол Ресейдің Омбы қаласында оқуда болған. 23 наурыз күні транзиттік пойызбен Петропавлға келген. Онымен қарым-қатынасқа түскен барлық тұлғалар анықталып, карантинге алынды. Вокзалдан шыққан науқас бірден үйіне барған. Көшеге шықпай, үйінде тек шешесімен ғана байланыста болған. Келесі күні дене қызуының 37,6-ға дейін көтерілуіне байланысты жедел-жәрдем шақырған. Ресейдегі эпидемиологиялық жағдайды ескерген жедел-жәрдем қызметкерлері, науқасты толықтай қорғаныс жабдықтарын пайдалана отырып провизорлық стационарға жеткізді. Алынған анализдер коронавирустық инфекцияға оң нәтиже көрсетті. Анализдері қосымша тексеру үшін Алматыдағы зертханаға жіберіліп отыр. Қазіргі кезде науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы жоқ. Денсаулығына шағымданбайды", – деді Тимур Сұлтанғазиев.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы өкілінің айтуынша, бүгінгі күні өңір жұқпалы індетпен күресуге әзір.

"Науқаспен қарым-қатынас жасаған барлық адамдар, пойызда бірге болған жолаушылар да анықталды. Олардың бәрі карантин стационарына оқшауланып, зертханалық анализдер алынды. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау мекемелері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Науқастармен қарым-қатынасқа түскендер үшін жұқпалы аурулар стационарында 65 орын, провизорлық стационарда 250  және карантиндік стационарда 500 орын әзірленді. Облыстағы барлық медициналық қызметкерлер кононавирустік инфекцияға қарсы іс-шара қолдану бойынша оқу-жаттығудан екі рет өтті. Дәрі-дәрмектер, медициналық бұйымдар мен өкпені жасанды желдету құрылғысы тәрізді құрал-жабдықтар да жеткілікті мөлшерде бар" – деп айтып өтті денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу