Петропавлда 2 жасар бала терезеден құлап кетті

165

Періштесі қаққан бүлдіршін аман қалды.

Петропавлда 2 жасар бала терезеден құлап кетті Фото: pixabay

Алдын ала мәлімет бойынша, екі жасар бала тоғыз қабатты үйдің екінші қабаттағы пәтердің терезесінен абайсызда құлап кеткен. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, бүлдіршін облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер баланы тексеру барысында оның бірнеше жарақат алғанын анықтады. Атап айтқанда, бел омыртқа бөлігінің байламдары созылған, оң жақ саны көгерген және оң аяқ табаны сырылған. 

"Қазір бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасының травматология және ортопедия бөлімінде. Науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп, емдеу консервативті тәсілмен жүргізіліп жатыр. Оның өміріне қауіп жоқ, жағдайы тұрақты", – дейді мамандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу