Петропавлда 360 абонент әлі де сусыз отыр

453

Құбырдағы апаттың салдарын жою жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Петропавлда 360 абонент әлі де сусыз отыр Фото: halyq-uni.kz

Шаһардағы Жұмабаев пен Абай көшелерінің қиылысында диаметрі 800 миллиметрлік құбыр жарылып, бірнеше шағын аудан тұрғындары сусыз қалғаны жайлы бұдан бұрын хабарлаған едік.

Қазір апат орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. Айта кетейік, Петропавлда 350 шақырымнан аса су құбыры бар. Оның 60 пайызға жуығының әбден тозығы жеткен.

"Бұл желі 2009 жылы ауыстырылған болатын. Екі құбырды қосқан жер сөгіліп кеткен. Тұтынушыларға су беру үшін түні бойы жұмыс істедік. Ақауды анықтау оңай болған жоқ. Жұмабаев көшесіндегі 116-шы үйде әлі де су жоқ. Арнайы көлікпен тұрғындарға тіршілік нәрін жеткізіп жатырмыз", - деп мәлімдеді "Қызылжар су" ЖШС атқарушы директоры Арман Сауытов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу