Петропавлда 5 жасар бала жоғарыдан құлап кетті

451

Қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. 

Петропавлда 5 жасар бала жоғарыдан құлап кетті Фото: inbusiness.kz

Петропавлда бүлдіршін көпқабатты үйдің екінші қабатындағы терезеден құлап, аман қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 8 тамыз күні кешқұрым болған.

Сағат 19:00 шамасында бала жедел жәрдем бригадасымен медициналық ұйымға жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.

Медициналық тексеру нәтижесінде дәрігерлен баланың жағдайын ауыр деп бағалады. Бүлдіршін бас-ми жарақатын алған. Сондай-ақ, баланың жамбасы, оң жақ аяқ-қолында көптеген гематомалар мен сырылған жарақаттар бар.

Оң жақ тізе буыны мен сан аймағында ауырсыну байқалып, қозғалысы шектелген.
Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу