Петропавлда айналма жолды су басты

396

Өңірде Есіл өзенінің тасуына байланысты ескерту жарияланды.  

Петропавлда айналма жолды су басты Фото: pkzsk.info

Қазір өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, қауіпті межеге жақындап қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "24KZ" телеарнасына сілтеме жасап.

"Қазгидромет" кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, өткен тәулікте Есіл өзенінің су деңгейі 8 см-ге көтеріліп, сағат 08:00-дегі жағдай бойынша 993 см-ге жетті. Яғни, қауіпті деңгей 1 мың сантиметрге жақындап қалған.

Қазіргі уақытта Петропавл гидроторабы маңындағы Заречный кентіне баратын айналма автожолды су басқан.

Синоптиктер мен гидрологтардың болжамынша, алдағы уақытта су деңгейі әлі де көтерілуі мүмкін. Егер су деңгейі қауіпті шектен асатын болса, өзеннің төменгі ағысындағы автожолдарды су басу қаупі күшейеді. Мамандар тұрғындар мен жүргізушілерді сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу