Петропавлда ер адам пойыз астына құлап мерт болды

136

Ер адам өмірге қауіпті, көптеген ауыр жарақат алған. 

Петропавлда ер адам пойыз астына құлап мерт болды Фото: pikabu.ru

Қайғылы оқиға 27 қаңтар күні, кешке Петропавл қаласында болған. Жүріп келе жатқан пойыздың астына ер адам түсіп қалып, алған жарақаттан оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы тек өлім фактісін тіркеген.

Осы факті бойынша Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімі ҚР ҚК-нің "Теміржол көлігі қозғалысы қауіпсіздігі немесе оны пайдалану қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соғу" бабымен қылмыстық іс қозғады.

– Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді ведомствода.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу