Петропавлда карантин жарияланды

1360

Петропавлда карантин жарияланды

Петропавл қаласында жедел респираторлық вирустық инфекция мен тұмауға байланысты 7 білім беру мекемесінде карантин жарияланды, деп хабарлады 24.kz.

4 мектеп пен балабақша толық жабылып, 1 жарым мың бала кезектен тыс демалысқа жіберілді. Оларға ақпанның 3-не дейін сабақ тоқтатылды. Кейбір сыныптарда оқушылардың 30%-дан астамына суық тиіп, ауырып қалған. Дәрігерлер науқастарға үйден шықпай, емделуге кеңес береді. Тұмаудың өршуіне байланысты қалалық білім бөлімі күнбе-күн мониторинг жасап, жағдайды қатаң бақылауға алған.

"Әр мұғалімде оқу жоспарының күнтізбесі бар. Бұл балалар бағдарламадан қалмайды. Олар көктемгі демалысқа кешірек шығып, сағаттарын толтыратын болады", –  деді қалалық білім бөлімінің әдіскері Сәуле Анапиянова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу