Петропавлда қоғамдық көлік жол апатына ұшырады

417

10 қаңтарда Петропавл қаласында Назарбаев-Бөкетов көшелерінің қиылысында LADA Niva көлігі мен 7 жолаушысы бар №7 маршруттық автобус соқтығысып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Петропавлда қоғамдық көлік жол апатына ұшырады Фото: gov.kz

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жолаушылардың ешқайсы медициналық көмекке жүгінбеген.

"Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша (Көлік құралдарының жүргізушілерінің жол жүрісі ережелерін бұзуы, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің зақымдануы) бойынша материал жиналды", - делінген ІІМ таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу