Петропавлда қоғамдық көліктің ақысы өседі

539

Қалада 2017 жылдан бері тариф өзгермеген.    

Петропавлда қоғамдық көліктің ақысы өседі Фото: pkzsk.info

Жолаушы тасымалдаушы компания өкілдерімен кездескеннен кейін қала әкімі Руслан Аңбаев тарифті көтеретін кез келді деген тоқтамға келді. Алайда оның пікірінше, бұл шешім халыққа ұнамауы мүмкін.

"Бірақ, Петропавлда тариф 2017 жылдан бері өзгермегенін және осы уақыт ішінде бәрі қымбаттағанын түсінуіміз керек. Жанар-жағармай, шығын материалдары, резеңке, дөңгелектер, қосалқы бөлшектер және т.б. кем дегенде екі есе қымбаттады", - деді қала әкімі.

Ал, жолаушы тасымалдаумен айналысатын компания өкілдерінің уәжіне сәйкес, қалада жұмыс күші тапшы. Өйткені жалақаның аздығынан автобус айдайтын жүргізуші табу қиын.

Қалада жолақы қымбаттаса, әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың жол жүру ақысын арзандату үшін шаһар бюджетінен субдсидия бөлінбек.

"Әкімдік азаматтардың осы санатына көмектесіп, жолақыны арзандатып, субсидиялар есебінен тасымалдаушылардың шығындарын өтейді. Бүгінгі таңда оқушылар 40 теңге төлесе, мүгедектер үшін жол жүру тегін, бірақ қала халқының басым бөлігі үшін тариф кез келген жағдайда көтеріледі", - деді Руслан Аңбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу