Петропавлда құтқарушылар мұз құрсауында қалған аққуды аман алып қалды

312

Мұз қатуына байланысты аққу судан өздігінен шыға алмаған.

Петропавлда құтқарушылар мұз құрсауында қалған аққуды аман алып қалды Фото: Бейнежазбадан

Петропавлда Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары қанаты сынған әрі әлсіреген аққуды судан шығарып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жергілікті тұрғындар су айдындарының бірінен көмекке мұқтаж аққуды байқап, құтқарушыларға хабарласқан. Құс әбден әлсіреген, бір қанаты сынған. 

ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, аққуды судан шығарып, Петропавл қаласындағы ботаникалық баққа жеткізді.

Қазіргі уақытта құс мамандардың бақылауында. Оған қажетті күтім жасалып, қалпына келуіне көмек көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу