Петропавлда мектеп оқушысынан туберкулездің ашық түрі анықталды

424

Қазір жасөспірім арнайы ем қабылдап жатыр.  

Петропавлда мектеп оқушысынан туберкулездің ашық түрі анықталды Фото: Inbusiness.kz коллажы

Ауру флюорографиялық тексеру кезінде анықталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, мектеп оқушысының туберкулезге шалдыққаны туралы шұғыл хабарлама медициналық ұйымнан түскен.

Дәрігерлердің айтуынша, жасөспірімге бактерия бөлетін (МБТ+) туберкулездің ашық түрі диагнозы қойылған.

Оқиғадан кейін мамандар ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізді. Сондай-ақ оқушымен байланыста болған отбасы мүшелері, мектептің оқушылары мен мұғалімдері, сондай-ақ емхана қызметкерлері медициналық тексерістен өтіп жатыр. Бұдан бөлек, жасөспірім тіркелген медициналық ұйым мен ауру анықталған мекемеге қатысты эпидемиологиялық зерттеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу