Мектеп оқушысы Петропавлда қаладағы оқу орындарының біріне қарулы шабуыл жасалатыны жөнінде хабарлама таратқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жасөспірім алдымен Telegram арна ашып, "облыстық мамандандырылған мектеп-интернатқа шабуыл жасалады" деген мазмұнда хабарлама жариялаған.
Сонымен қатар, қауіптің алдын алу үшін ақша аударуды талап еткен. Ақпаратты жариялағаннан кейін ол бұл хабарламаны оқушыларға мессенджер арқылы жолдаған.
"Кәмелетке толмаған жасөспірім 2024 жылға дейін осы білім беру мекемесінде оқыған. Ол өз әрекетін "әзілдегім келді" деп түсіндірген. Қазір тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу