Петропавлда мердігерлер қоғамдық көлікті жөндеуге субсидия сұрайды

425

Петропавлда қоғамдық көлік қатынасы ақсап тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Петропавлда мердігерлер қоғамдық көлікті жөндеуге субсидия сұрайды Фото: pkzsk.info

Былтыр сатып алынған автобустар қайта-қайта істен шығып, мердігерлерді әбігерге түскендерін айтады. Өткен жылы бірнеше компания лизингке 100 көлік сатып алған. "Yutong" маркілі автобустардың орташа құны – 40 млн теңге. Кепілдік мерзімі 1 жыл ғана екен. Ал, қаржыны 7 жыл бойы қайтаруы тиіс.

Кәсіпкерлердің айтуынша, қосалқы бөлшектердің тапшылығы қиындық туғызып отыр. Облыс орталығында әлеуметтік маңызы бар 19 автобус бағыты жұмыс істейді. Олардың барлығына қалалық әкімдік бюджетінен демеуқаржы қарастырылған. Мердігер компания өкілдері жаңа автобустар бұзыла бергендіктен, шығын көбейгенін айтып, қалалық әкімдікке қосымша субсидия бөлуді өтініп отыр.

"Субсидияға жылдың аяғына дейін 1 млрд 900 млн қаржы бөлінген. Тағы да қаржы қарастыруға ұсыныс енгізілді. Оны әлі қарастырып жатырмыз", – деді қала әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу