Петропавлда өзенді ластаған кәсіпорынға айыппұл салынды

845

Петропавлда Есілдің ескі арнасына ластанған су қайдан келгені анықталды.

 Петропавлда өзенді ластаған кәсіпорынға айыппұл салынды

 Петропавлда Есілдің ескі арнасына ластанған су қайдан келгені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаңтар айында өзен арнасындағы ластанған су туралы экологтарға жергілікті балықшы хабарлаған болатын. Экология департаментінің өкілдері қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі осы мәселеге қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізгенін мәлімдеді. "Тексерістер нәтижесінде 20-25 қаңтар аралығында "Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар" кәсіпорны өз бетімен Есіл өзенінің ескі арнасына 153 мың текше метрден астам көлемде су жіберіп, ҚР Экологиялық кодексінің бірнеше бабын бұзған", - дейді экология департаменті басшысының орынбасары Азамат Бектасов. Оның айтуынша, кәсіпорын әкімшілік жауапқа тартылып, 150 мың теңгеден астам айыппұл салынған. Мұнымен қоса экологиялық заңнаманың бұзылуын жоюға ұйғарылды. "Өз бетімен су жібергендіктен, 30,2 млн теңге мөлшерінде қоршаған келтірілген залалды өтеу туралы кәсіпорынның үстінен шағым түсірілді. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа су нысанына ағын суларды жіберуді тоқтату үшін материалдар жіберілді. Міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы материалдар әзірленді", - деді А.Бектасов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу