Петропавлда су деңгейі сағат сайын көтеріліп жатыр

180

Сергеев су қоймасында су деңгейі бір тәулік ішінде 96 см-ге көтерілген.  

 Петропавлда су деңгейі сағат сайын көтеріліп жатыр Фото: qaz-media.kz

СҚО-да су тасқынының үшінші толқыны жүріп жатыр. Сергеев қоймасындағы су ернеуінен 215 см-ге асқан. Петропавлда да су деңгейі сағат сайын өзгеруде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.

"Қазгидромет" мамандары әрбір төрт сағат сайын мониторинг жүргізуде.

"Өңірдегі басты гидронысан Сергеев су қоймасында су деңгейі бір тәулік ішінде 96 см-ге көтеріліп, су ернеуінен 215 см-ге асқан. Петропавл су торабында да жағдай сағат сайын өзгеріп жатыр. Мұнда қауіпті меже - 960 см. Бірақ, су деңгейі қазірдің өзінде 1058 см-ді көрсеткен", - делінген хабарламада.

Ал мамандар су тасқынының үшінші толқыны облыс орталығына тек алдағы демалыс күндері келеді деп болжап отыр. Яғни, сол кезде Заречный кентін су басу қаупі бар. Сондай-ақ Ғабит Мүсірепов ауданы, Шөптікөл ауылы маңында Есіл өзенінің деңгейі 228 см-ге көтерілген.

Есіл ауданы Покровка ауылының маңында да жағдай мәз емес. Мұнда су арнасынан асып, жайылмаға шығып кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу