Петропавлда үйінен шығып, жоғалып кеткен кейін зейнеткер үсіп қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Белгілі болғандай, 73 жастағы әйел 16 ақпанда үйінен шығып, қайта оралмаған. Бейресми мәлімет бойынша, ол есте сақтау қабілетінің бұзылуынан зардап шеккен және бұған дейін де адасып кеткен жағдайлары болған. Бұл жолы оқиға қайғылы аяқталды.
Әйелдің денесі айналма жол маңынан табылған. Сараптама қорытындысына сәйкес, өлім себебі – ағзаның жалпы қатты тоңуы (гипотермия).
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері атқарылуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Бұған дейін де осындай жағдайда тағы бір зейнеткер көз жұмған. 14 қаңтар күні 75 жастағы қала тұрғыны үйіне жақын орналасқан емханаға шығып, қайта оралмаған.