Петропавлда үйдің іргетасынан қару бөлшектері табылды

128

Қарудың бөлшектері цементпен бірге үйдің іргетасына қаланған.  

Петропавлда үйдің іргетасынан қару бөлшектері табылды Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Петропавлдағы Заречный кентінде бөгеттерді нығайтып жатқан әскерилер 50-ге жуық мылтық ұңғысын тауып алды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Аталған учаскеде кезекшілік атқарып жүрген полицейлер іргетасты бұзып, 46 мылтық ұңғысы мен аңшылық қарудың бөлшектерін алып шықты.

Тәртіп сақшылары табылған заттарды қаптарға салып, Петропавл қалалық полиция басқармасына жеткізді.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі табылған қару бөлшектеріне қатысты тергеу жүргізіліп, оны іргетаспен бірге кім қалағаны анықталатынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу