Петропавлда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 1,4 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жасаған

648

Сот үкімімен қылмысты ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. 

Петропавлда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 1,4 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жасаған

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Петропавл қаласының тұрғыны 2018-2020 жылдар аралығында өзінің бақылауындағы коммерциялық компаниялар арқылы жұмыстарды іс жүзінде орындамай, қызметтерді көрсетпестен жалған шот-фактуралар жазып, салық төлеуден жалтару мақсатында  коммерциялық ұйымдарға қызмет көрсету мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топ құрып оған жетекшілік еткен. Жалпы сомасы шамамен 1,4 млрд теңгені осы арқылы шығарған, деп жазады inbusiness.kz.

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің  мүлкі тәркіленіп, 5 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу