Петропавлда 67 жастағы әйел тұрғын үйдің 4-қабатынан құлап, көз жұмды

493

Ол бірден емге жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Петропавлда 67 жастағы әйел тұрғын үйдің 4-қабатынан құлап, көз жұмды Фото: canva

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мерт болған әйелдің жасы 67-де.

Қазіргі уақытта оның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

– Оқиға 14 қазан күні болды. Әйел Сәтбаев көшесіндегі тұрғын үйдің төртінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Медициналық мекемеде оның өмірі үшін дәрігерлер арпалысқанымен нәтиже бермеді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша заң аясында процестік шешім қабылданады, — делінген баспасөз хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу