Петропавлда зейнеткер үсік шалып көз жұмды

74

Петропавл қаласында 76 жастағы зейнеткер жоғалып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Петропавлда зейнеткер үсік шалып көз жұмды Фото: Игорь Самохвалов

Бір тәуліктен кейін ол медициналық мекеме аумағынан табылды. Тірі болғанымен, жағдайы өте ауыр болған.

Туыстары оның жоғалғаны туралы хабарлап, іздеу жұмыстары басталды. Әртүрлі нұсқалар қарастырылды, оның ішінде әйелдің Солнечный кентіне кетуі мүмкін деген болжам да болды.

15 қаңтар күні таңғы сағат 10 шамасында полицейлер Валентина Паклинаны кардиоорталық аумағынан тапты. Әйел тірі болғанымен, қатты тоңып қалуына байланысты жағдайы өте ауыр еді. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылды, алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, зейнеткер жедел жәрдем көлігінде тасымалдау кезінде көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу