Петропавлда жаңғыртудан өткен әуежай терминалы пайдалануға берілді

1168

Петропавлда жаңғыртудан өткен әуежай терминалы пайдалануға берілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Петропавл қаласында халықаралық әуежайдың жолаушылар терминалы салтанатты түрде ашылды, деп мәлім етті облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жаңартылған ғимаратты Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ерiк Сұлтанов, еңбек ардагерi Александр Липовой мен ҚР Инвестициялар және даму министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң әуежайлар басқармасының басшысы Амантай Қоқатаев ашты.

Өз баяндамасында Ерiк Сұлтанов әуежайды реконструкциялау облыс тарихындағы үлкен оқиға екенiн атап өттi.

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев бiздiң әуежайды реконструкциялау ұсынысына қолдар бiлдiрген болатын. Астана мен Алматы қалалары бойынша әуе рейстерi қалпына келтiрiлдi, олар сұранысқа ие", — дедi өңiр басшысы.

Облыс әкiмi жобалаушылар мен құрылыс компанияларына алғысын бiлдiрдi. Ауқымды жұмысқа атсалысқандардың барлығына өңiр басшысы Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыстады.

Шараға қатысушыларды осынау маңызды оқиғамен еңбек ардагерi Александр Липовой, ҚР Инвестициялар және даму министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң әуежайлар басқармасының басшысы Амантай Қоқатаев және "К-Дорстрой" АҚ бас директоры Валерий Лазарев құттықтады.

Салтанатты шарадан соң "Петропавл-Алматы" әуе рейсiне тiркеу басталғаны жөнiнде хабарлады.

Петропавл халықаралық әуежайы 1974 жылдан бастап қызмет етiп келедi. Осы уақыт аралығында мұнда алғаш рет ауқымды жөндеу жұмысы жүргiзiлдi. Терминалды реконструкциялау жұмыстары жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жоғарылатып, қажеттi қауiпсiздiк құралымен жабдықталған.

Реконструкция республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiлдi. Бұған дейiн ұшу-қону жолағын қайта салу жұмыстары аяқталған болатын. Жүргiзiлген жұмыстар барысында мұндағы жолаққа қалыңдығы 10 см болатын асфальт және бетонды жабынмен қапталды. Жолақтың өзi 2 800 метрге ұзартылып, 45 метрге кеңейтiлдi. Бұдан бөлек, рөлдiк жолақ пен перрон қайта салынып, халықаралық стандарттар бойынша жарықтандыру құрылғылары орнатылды.

Ұшу-қону жолағын реконструкциялаған соң Петропавл әуежайы заманауи әуе кемелерiн еш кедергiсiз қабылдай алады. Келесi жылы Ресей Федерациясына әуе рейсiн ашу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу