Петропавлдағы қайырымдылық кешінде 3 миллионнан астам теңге жиналды

991

Петропавлдағы қайырымдылық кешінде 3 миллионнан астам теңге жиналды

Петропавлда ауыр насқасқа шалдыққан балаларға арналған қайырымдылық кеші өтті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Шараны СҚО ҚХА "Қоғамдық келісім" бірлестігі ұйымдастырды. Қайырымдылық кешіне 300-ден астам адам қатысты.

Аукционға Монте-Карлода WBA нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы уақытша әлем чемпионы титулын жеңіп алған боксшы Жанат Жақияновтың былғары қолғабы, Джиро Д'Италия гранд-турының жеңімпазы және Олимпиада чемпионы Винченцо Нибалидің қолтаңбасы мен Олимпиада жеңімпазы Александр Винокуровтың қолтаңбасы бар футболка, "Құлагер" хоккей командасының таяғы мен формасы, "Астана" кәсіби спорт клубы командаларының лоттары қойылды.

Жанат Жақияновтың қолғабы ең қымбатқа сатылған лот болды. Ол 600 мың теңгеге бағаланды. Аукцион жеңімпазына оны боксшының өзі тапсырды.

Қайырымдылық кешінде 3 миллионнан астам теңге жиналды. Жиналған қаржы Иван Зологинді (туабітті қос бүйректің гипоплазиясы), Илья Пугачты (остеопетроз), Диана Бейсенбаеваны (мидың ісігі) емдеуге жұмсалады.  Солтүстік Қазақстан облысында қайырымдылық балы екінші жыл өткізілуде. Былтыр 1,8 млн теңге жиналды. Бұл қаржы бес ауыр сырқатқа шалдыққан баланы емдеуге жұмсалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу