Петропавлдағы зауытта жарылыс болды: Жұмысшы денесінің 95 пайызын күйік шалды

282

Оқыс оқиға бүгін таңертең болған.  

Петропавлдағы зауытта жарылыс болды: Жұмысшы денесінің 95 пайызын күйік шалды Фото: qaz-media.kz

Петропавлдағы асфальт-бетон зауытында өрт шығып, бір жұмысшы өндірістік жарақат алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зауыт аумағында битумды қыздыруға қолданылатын техникалық май тұтанған.

Облыстық ТЖД-нің 14 қызметкері 20 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген. Өрт салдарынан 1975 жылы туған ер адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

"Ауруханаға жеткізілерден бір сағат бұрын техникалық май жарылған. Ер адамның денесінің 95 пайызын II–IIIАБ дәрежелі жалыннан болған термиялық күйік шалған. Сондай-ақ оған III дәрежелі күйіктік шок диагнозы қойылды", – деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Дәрігерлердің сөзінше, науқастың жағдайы өте ауыр, ол жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу