Петропавлдағы жаңа зауытта 100-ге жуық жұмыс орны ашылады

903

 Инвестиция көлемі – 3 миллиард теңге.

Петропавлдағы жаңа зауытта 100-ге жуық жұмыс орны ашылады

Солтүстік Қазақстан облысында биылдан бастап шетелдің ауылшаруашылығы техникалары құрастырыла бастайды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ол үшін 2017 жылдан бері немістің "Класс" компаниясымен келіссөздер жүргізіліп, меморандум жасалды. Инвестиция көлемі – 3 миллиард теңге. Биыл Петропавлда 100 комбайн жинақталып, еліміз бойынша. Ал жаңа зауытта шамамен 100-ге жуық жұмыс орны құрылмақ. Жалпы айта кету қажет, ел қамбасының үштен бірін астыққа толтыратын өңірде бүгінгі күні ауылшаруашылығы техникалары 70 процентке ескірген.

"Кәсіпкерлерге үлкен қолдау болады. Сатып аламын деушілерге мемлекет тарапынан арнайы субсидия беріледі. Тағы да басқа жеңілдіктер қарастырылып отыр. Яғни бұл комбайн оларға нарықтағы бағадан 42 процентке арзанға түседі. Қазір біз шетелдік компанияға арнайы ғимарат пен өндіріс орнын дайындап қойдық",- деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ерболат Бекшенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу