Петропавлға қардың 10 күндік мөлшері түсті

909

Петропавлға қардың 10 күндік мөлшері түсті

Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандары мен Петропавл қаласында бір түннің ішінде қардың 10 күндік мөлшері түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жергілікті "Қазгидромет" РМҚ филиалының ақпаратына сүйенсек, облыс орталығына 9 миллиметр, кейбір аудандарға 10 миллиметр көлемінде қар жауған.

"Облыстың барлық аудандарына қар түсті. Бүгін өңірдің шығыс бөлігінде қар жауады деп күтілуде. Ертең антициклонның әсерінен ауа температурасы  сәл төмендейді",-дейді филиал директоры Қымбат Мерғалымова.

Қар тазалау техникалары қала көшелеріне түнгі сағат екіде шыққаны айтылады. Қарды сыртқа шығару жұмыстарына таңертеңгі сағат 10-нан бастап кіріскен.

Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тазалау жұмыстарына иеліктерінде 30 шақты қар тазалау техникасы бар 7 мердігерлік ұйым тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу