Петропавлға саяхаттап келген аустралиялық адасып кеткен

152

Полицейлер "Динамо" стадионында түнемек болған ер адамды байқаған.

Петропавлға саяхаттап келген аустралиялық адасып кеткен Фото: СҚО ПД

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 46 жастағы аустриялық саяхатшы облыс орталығына келіп, адасып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Аарон Арьяның шын мәнінде елге заңды негізде келгеніне көз жеткізді. Ол Астанаға Түркиядан ұшып келіп, Петропавлға жол-жөнекей кетіп бара жатқан көліктермен жеткен. Тәртіп сақшылары оны қонақүйге орналастырды.

Аарон Арьяның әлемді аралап, елдерге саяхаттап жүргеніне бірнеше жыл болған. Оны ауылдық жердің тыныс-тіршілігі қызықтырады екен. Сол үшін қазіргі уақытта Орталық Азия елдерімен танысуды жоспарлап, жолға шыққан. 

Ол Қазақстанға алғаш рет келіп отыр. Полицияның көрсеткен көмегіне риза болған ол ертесіне қайтадан жолға шығып, сапарын жалғады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу