Pfizer вакцинасын ектірген Литва тұрғыны қайтыс болды

627

Вакцина салғаннан кейін әйел дәрігерлерге ауа жетпейтінін айтқан.

Pfizer вакцинасын ектірген Литва тұрғыны қайтыс болды

Литваның Паневежис қаласында коронавирусқа қарсы вакцина ектірген әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Литва радиосына сілтеме жасап. Бірақ жергілікті дәрігерлер өлімге басқа фактор себеп болды деген пікірде. 

"Бұл әйел 1941 жылы дүниеге келген. Оның кардиостимуляторы болған. Ол Pfizer-BioNTech жасап шығарған препаратын қабылдаған", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Қалалық жедел жәрдем станциясының директоры Паневежис Рута Рамошкеннің айтуынша, вакцина салғаннан кейін дәрігерлерге ауа жетпейтінін айтқан. Бірақ жедел жәрдем бригадасы оны ажалдан арашалап қала алмаған. 

"Менің ойымша, ол стресстік жағдайды бастан кешірген. Денсаулығына байланысты да проблемалар болған. Вакцинадан кейін кенеттен мұндай әсер болуы мүмкін емес", – деді жедел жәрдем станциясының директоры.

Еске сала кетсек, бұған дейін Оңтүстік Кореяда AstraZeneca вакцинасын ектіргеннен кейін 5 адам көз жұмған еді. Олардың вакцина екпестен бұрын басқа сырқаттары болған. Осы препаратпен жергілікті халықты егу процесі 26 ақпанда басталды. Осы күнге дейін 150 мыңнан астам адам егілген. Вакцинаның 700-ден астам адамға жанама әсер еткені тіркелген. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу