"Pfizer вакцинасын сатып әперді": Мемлекет "СК-Фармацияға" 20 млрд теңге қарыз

963

2021 жылы Pfizer вакцинасы "СК-Фармация" қаражатына сатып алынды, енді Денсаулық сақтау министрлігі 20,6 млрд теңгені қайтаруға тиіс. Бұл қаражат 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Pfizer вакцинасын сатып әперді": Мемлекет "СК-Фармацияға" 20 млрд теңге қарыз

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

"Былтыр Pfizer вакцинасын сатып алуға "СК-фармациядан" қаражат алдық. Күзде 100% төлеуге мәжбүр болған едік. Бүгінгі таңда "СК-Фармация" алдындағы қарызды өтеу қажет. Егер бұл қарыз дер кезінде, мамыр айында төленбесе, онда бірыңғай дистрибьютор дәрілік препараттар бойынша жеткізушілер алдындағы өзінің шарттық міндеттемелерін орындай алмайды", – деп түсіндірді Ғиният.

2021 жылы Қазақстан корнавирусқа қарсы іс-шараларға 100 млрд теңгеден астам қаржы жұмсаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу